Медиа орталық

Инвестиция: 2025 жылы "СарыАрқаАвтоПром" жылына 125 мың автомобиль шығаратын болады

Инвестиция: 2025 жылы "СарыАрқаАвтоПром" жылына 125 мың автомобиль шығаратын болады

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов "China National Vehicle Import & Export Corporation" компаниясының бас директоры Гу Чаоган мырзамен кездесті.

Аталған компания автомобильдердің импорты мен экспорты бойынша қызметті жүзеге асырады және "СарыарқаАвтоПром"ЖШС серіктесі болып табылады.

Архимед Мұхамбетов соңғы жылдары облыста машина жасау секторының өсу қарқыны айтарлықтай артқанын атап өтті.

-Мұнда негізгі рөлді "СарыАрқаАвтопром" кәсіпорны атқарады, оның базасында жыл сайын өндіріс көлемі өсіп, жұмыс орындары ашылып жатыр. Мәселен, өткен жылы кәсіпорынның конвейерінен 60 мың автокөлік шыққан,-дейді облыс әкімі.

Көбінесе өсім «СарыарқаАвтоПром» инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, соңғы 2 жылда іске қосылған "Chevrolet", "KIA", "LADA" және "JAC" автомобильдерін шығару жөніндегі жобалардың арқасында. Кәсіпорынның одан әрі даму кезеңі өндірістің локализациясын тереңдетуден тұрады.
Биыл "СарыарқаАвтоПром" ЖШС "Lada Granta" және "KIA Sportagе" автомобильдерін ұсақ торапты әдіспен өндіруді жолға қоюды жоспарлап отыр.

"China National Vehicle Import & Export Corporation" компаниясымен кездесу аясында серіктестерімізбен облыстың автомобиль өнеркәсібін дамыту бойынша келешегі талқыланды.

Атап айтқанда, Гу мырза "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-нің дамуын атап өтіп, зауыттың өндірістік инфрақұрылымына инвестицияларды ұлғайту, сондай-ақ жаңа брендтерді тарту жоспарлары туралы хабардар етті.

Мәселен, жыл сайынғы инвестиция көлемі 40 млн. долларға ұлғаймақ, соның арқасында 2025 жылға қарай "СарыарқаАвтоПром" ЖШС жылына 125 мың автомобиль шығаратын болады. Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері үшін әлеуметтік қолдау пакеті күшейтіледі.

Өз кезегінде Қостанай облысының әкімі осы секторды дамыту бойынша жоспарлар мен бастамалардың іске асырылуына толық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Кәсіпорынның одан әрі дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құруға тікелей әсер ететін болады.

Дереккөз: Қостанай облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге