Жылыжайларды салу

Инвестициялаудың негізгі перспективалық бағыттарының бірі қазіргі заманғы жылыжайлар салу болып табылады.

Түркістан, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан жылыжай шаруашылықтары алаңдарының негізгі бөлігі.

Статистика деректері бойынша 2019 жылы аталған жылыжайлар алаңынан 1236,5 га көкөніс өндірілуде, оның 501 га қияр және 706 га қызанақ.



Жылыжай шаруашылықтарының алаңдары*

Түркістан облысы 871,6 га Алматы облысы Ақтөбе облысы 34,7 га Атырау облысы 15,6 га Маңғыстау облысы 27,8 га Қарағанды облысы 26,1 га Павлодар облысы 11,9 га Жамбыл облысы 29,2 га 87,7 га

Көкөніс дақылдарының арасында қызанақ пен қияр ең көп таралған және маңызды азық-түлік өнімдері болып табылады

Қызанақ пен қиярды тұтынуды жан басына шаққанда 18,5 кг болды, бұл тұтынылатын көкөністердің жалпы көлемінің 20%-ін құрайды.

Көршілес елдермен баға диференциалы
2019 жылы ҚР-ның қызанақтарына орташа бөлшек сауда бағасы 474,2 теңге/кг құрайды, бұл РФ-тағы орташа бөлшек сауда бағасынан 25%-ке төмен. Қияр бағасы 382 теңге/кг РФ-тың бағасынан 19%-ке төмен.

Маусымаралық кезеңде Қазақстан қызанақ пен қияр импортына тәуелді

Тапшылық шетелдік импорт есебінен жабылуда, бұл 2019 жылы 43,4 мың тонна қызанақ пен 5,9 мың тонна қияр болды.

Осы көкөніс дақылдары импортының жиынтық алмасуы экспорт көлемінен бір жарым еседен асады.


ҚР бойынша жалпы ауданы: 1236.5 га, оның ішінде: 501 га қияр және 706 га қызанақ *2019 жылғы деректер бойынша


Қызынық пен қиярдың жиынтық тұтынылуы: адам басына шаққанда 18.5 кг = жалпы көлемнің 20%

бөлшек саудада өткізетін орташа құны:

382 теңге/кг (РФ-ке қарағанда 19%-ке арзан)

бөлшек саудада өткізетін орташа құны:

474.2 теңге/кг (РФ-ке қарағанда 25%-ке арзан)

Шетелдік инвесторлар тарапынан экспорттық әлеуеті

ЕАЭО елдері, атап айтқанда РФ қызанақ пен қиярдың ірі импорттаушылары болып табылады, бұл нысаналы ірі және ауқымды өткізу нарығына қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен, 2019 жылы Ресей 558 мың тонна қызанақ пен 100 мың тонна қияр импорттады.

Сонымен қатар, Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының 9 аймағының жалпы халқы 19 миллионнан астам адамды құрайтынын атап өткен жөн.

Өткізу нарықтары
Көкөніс дақылдары
ҚР импорты (2019)
39,2 мың тонна
5,9 мың тонна
РФ импорты (2019)
636,6 мың тонна
104,4 мың тонна

Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының
9 аймағының жалпы халқы 19 млн адамды құрайды

ДАЙЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
icon 26 млн АҚШ доллар

Алматы обылысындағы жылыжай кешенін кеңейту

icon 39 млн АҚШ доллар

Батыс Қазақстан облысына жылыжай кешенін салу

icon 22 млн АҚШ доллар

Павлодар облысына жылыжай салу

icon 18 млн АҚШ доллар

Солтүстік Қазақстан облысына жылыжай кешенін салу

icon 118 млн АҚШ доллар

Алматы облысындағы жылыжайды 40 га-ға дейін кеңейту

Жобаларды мемлекеттік қолдаудың әлеуетті шаралары
Жабдықтарды тасымалдауға кедендік баждардан босату
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде немесе есепке алу әдісімен жабдықты әкелуге ҚҚС-тан босату.
Бюджетке (КТС, әлеуметтік, мүліктік, көліктік, ҚҚС) төлеуге жататын салық жүктемесін 70%-ке азайту.
ҚР АШМ инвестициялық салымдарды өтеу жөніндегі 25%-ке дейінгі үлесімен инвестициялық субсидия.
Басым дақылдарды (тыңайтқыштар, химикаттар, тұқымдар және т. б.) өндіруді субсидиялау.
Жылдық 6%-тен бастап ұлттық валютадағы пайыздық мөлшерлемемен жергілікті және халықаралық қаржыландыруды тарту мүмкіндігі.
KIDF, Самұрық Қазына Инвест, Қазына Капитал Менеджмент инвестициялық қорларын тарту мүмкіндігі.
Жобаны іске асыру орнына дейін инженерлік инфрақұрылымды жеткізу.

БАҒЫТ БОЙЫНША ТИЗЕРЛЕР

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге