Медиа орталық

Бас портал

KAZAKH INVEST: инвесторларға арналған консультациялық қолдау және сервистер тәулік бойы қолжетімді

KAZAKH INVEST: инвесторларға арналған консультациялық қолдау және сервистер тәулік бойы қолжетімді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты індет болып жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2019 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурызда 08 сағат 00 минуттан бастап 2020 жылғы 15 сәуірде 07 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге төтенше жағдай енгізілді. 

КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Короравирусқа байланысты сұрақтар бойынша Сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының call-орталығы 1406, 8 7172 768 043 нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар.

Сондай-ақ, "Коронавирус – шұғыл желі" Telegram-бот жұмыс істейді, онда коронавирустық инфекция туралы негізгі ақпарат бар (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдар, инкубациялық кезең, өзін жұқтырудан қалай қорғау керек, карантинге алынатындар және т.б.). Бот қазақ және орыс тілдерде қол жетімді.

ИНВЕСТОРЛАРДЫ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ

Инвесторларға арналған сервистік қызметтер, сондай-ақ инвестициялық қызмет мәселелері бойынша консультациялар (визалық, салықтық, кедендік мәселелер және т. б. ) инвесторларға арналған call-орталықтың +7 7172 620 620  нөмірі бойынша тәулік бойы көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық интернет-ресурста онлайн-сұраныстар үшін форманың көмегімен өтінімді қалдыруға және кеңес алуға болатынын еске саламыз.

"Инвестордың нұсқаулығы" бөлімінде Сіз шетелдік инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратпен таныса аласыз . Бөлімде ресми нормативтік құқықтық базаға сілтеме жасалған өзекті ақпарат берілген. KAZAKH INVEST сарапшылары кез келген мәселелер бойынша толық кеңес береді .

KAZAKHINVEST кіріс хат сұрақтары бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7 7172 620 627. 

НҰР-СҰЛТАН ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНДА КАРАНТИН

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді. Енгізілетін шаралар адамдардың жүріп-тұруына, сондай-ақ карантиндік аймақтар шегінде көлік құралдарының кіруіне/шығуына шектеуді көздейді.

Карантин режимі бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайтынан табуға болады.

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛУ

Визаны алу және Қазақстанға келу туралы толық ақпарат Инвестициялық интернет-ресурста "Қазақстанда болу"бөлімінде қолжетімді.

KAZAKH INVEST маманының визалық және көші-қон мәселелері бойынша толық консультациясын мына нөмір бойынша алуға болады: +7 7172 620 556.

Қазақстанда 2020 жылдың 16 наурызынан бастап шетел азаматтарының елге кіруін шектейтін төтенше жағдай режимі жұмыс істейтініне назар аударамыз. Қазақстан Республикасының аумағына келуге және шығуға шектеу туралы толық ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынакіруді сұраймыз. 

ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ

Жүк тасымалы төтенше жағдайға қарамастан қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Алайда, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, вокзалдарда және әуежайларда санитарлық-эпидемиологиялық режим күшейтілді. 

Жүк тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Сіз "ҚТЖ-Жүк тасымалы" call – орталығының +7 7172 603 030 нөмірі бойынша хабарласа аласыз . 

ШҰҒЫЛ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕР 

Қажет болған жағдайда шұғыл жедел қызметтерді шақыру келесі нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 

·     өрт күзеті - 101

·     полиция-102 

·     жедел медициналық көмек-103

·     газ желісінің апаттық қызметі-104 

·     төтенше жағдайларда әрекет ету қызметі – 112

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге