Жетістік тарихы

«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ

«ССТБӨБ» АҚ Eurasian Resources Group (ERG) Еуразиялық тобына кіретін, темір кендері, доломит, әктас, құрылыс қиыршық тасты өңдеу бойынша Қазақстанның ірі қала құраушы кәсіпорны болып табылады.

ССТБӨБ бірлестігіне жұмыс істейтін кеніштер: Сарыбай, Соколов, Қашар, Қоржынкөл, кенді шахта әдісімен өндіретін Соколов жер асты кеніші, Алексеев доломит және Қызыл-Жар әктас карьері кіреді.

Кен дайындау және байытудың фабрикалық кешені, негізгі цехтары: құю, электр жөндеу, тау-кен жабдықты жөндеу, металл құрылымдарды дайындау цехтары болып табылатын жөндеу-механикалық зауыты бар.

ССТБӨБ жылдан жылға өндірістің қарқынын аттырады, жабдықтың заманауи технологияларын ендіреді, әлемдік темір-кен нарығында өз позициясын нығайтады, әлемнің жетекші тау-кен өндіру кәсіпорындарының санына кіреді.

Қостанай облысы кәсіпорындарының жұмысында Төртінші өнеркәсіптік революцияның ажырамас анықтауышы болып табылатын инновациялық технологияларды кеңінен қолданып жатыр.

ССТБӨБ-гі «Ақылды карьер» және «Ақылды байыту фабрикасы» жобаларының басталуы осы технолгиялардың мысалы болып табылады.

ССТБӨБ-нің Қашар алаңындағы «Ақылды карьер» жобасы барлық жақтан да инновациялық болып табылады. Бұл бүкіл өндірістік үдерістің автоматтандырылуы.

Карьердегі жағдайды жедел мониторингтеу, қажетті түзетулерді енгізу және жабдықты оңтайлы бөлу – мұнда мұның барлығын оператор емес, компьютерлер жүзеге асырады.

Жобаның іске асырылуы Қашар карьерінің тау-кен көліктік кешенінің жұмысынан қаржылық қайтарымды барынша тез алуға мүмкіндік береді.

Бұл тау-кен техникасының тұрып қалуын автоматтандырылған азайту, өндірілетін шикізат көлемін арттыру, қатыстырылған жүкті өзі түсіретін паркті автоматты түрде бөлу, ауысымдық тапсырмалардың орындалу барысын автоматтандырылған басқару және өндірілетін шикізат сапасын басқару, жұмыстың өндірістік-технологиялық тәртібінің күрт жоғарлауы есебінен болады.

Технологияларды ендіру өндіру көлемі 40 млн. тонна болғанда, тау-кен көліктік жабдықтың өнімділігін 10 % арттыруға мүмкіндік береді.

Күтілетін экономикалық әсер 2 млрд. теңгеге дейін құрайды. Жобаның құны 3,2 миллиард теңгеге жуық.

Қашар алаңы жұмысшыларының саны 3 252 адам. ССТБӨБ өз өнімін, темір-кен концентратын және шекемтастарды тек қазақстандық нарықтарға ғана емес, сонымен қатар шетелге – Ресей және Қытайға жеткізеді: – ішкі нарық – 27%. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстандағы ірі тұтынушы болып табылады. – сыртқы нарық – 73%. Ресейдегі ірі тұтынушы – «Магнитогорский металлургический комбинат» ЖАҚ, Қытай – Xinjiang Bayi Steel International Trade Co LTD.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге