Біз туралы

Жаныспаев Аслан Амантайұлы

Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқарма басшысы

1982 жылы 26 сәуірде Қостанай облысы Жітіқара қаласында дүниеге келген. Экономист-бухгалтер және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Мансап

2004 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеді.

Еңбек жолын облыстық денсаулық сақтау департаментінің жетекші маманы, экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып бастаған, 2015 жылы Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылғы ақпаннан бастап Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы  қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істейді.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге