Біз туралы

Ақсақалов Құмар Іргебайұлы

Әкім

Жалпы ақпарат, білім

Құмар Iргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инженерлерi институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мансап

1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженерi болды.

1989-1992 ж.ж. — Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетiнiң бiрiншi хатшысы.

1992-1993 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженерi.

1993-1994 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттiк шағын кәсiпорнының директоры.

1994-1996 ж.ж. — Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi директорының орынбасары.

1996-1998 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президентi.

1998-2002 ж.ж. — Қостанай облысы Меңдiқара ауданының әкiмi.

2002-2004 ж.ж. — Қостанай облысы Таран ауданының әкiмi.

2004-2006 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы.

2006-2010 ж.ж. — Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары.

2010-2015 ж.ж. — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2015-2017 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан 2022 жылғы 30 қарашаға дейін — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері:

Облыс аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, облыстың халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе іс-қимыл жасайды. «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегияларының орындалуын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Кадрлық саясатты жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөнінде шаралар қолданады.

Мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына жауап береді.

Облыс әкімі орынбасарларының, қалалық және аудандық әкімдіктер мен әкімдердің жұмысын үйлестіреді.

Облыс әкімдігінің,

облыс әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның,

облыс әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның,

облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне басшылық етеді.

Республикалық деңгейде:

Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, министрліктермен

жергілікті деңгейде:

Қостанай облысының прокуратурасымен,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен,

Қостанай облысының Әділет департаментімен,

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ,

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Полиция департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ,

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ,

«ҚР ІІМ Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ-мен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

Заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге