Біріккен Ұлттар ұйымы 2020 жылы әлемдік инвестициялар туралы баяндама таныстырды

Біріккен Ұлттар ұйымы 2020 жылы әлемдік инвестициялар туралы баяндама таныстырды

2020 жылғы 9 шілдеде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) дайындаған әлемдік инвестициялар туралы баяндаманың 30-шы мерейтойлық басылымының тұсаукесеріне қатысты.

Инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктердің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) ұйымдастырған жоғарыда аталған іс-шара әлемнің ондаған елінен инвестициялық ұйымдардыңбасшыларын жинады.

UNCTAD Инвестициялар және кәсіпкерлік жөніндегі директоры Джеймс Жанның"Пандемиядан тыс халықаралық өндіріс" баяндамасының негізгі тақырыптары COVID-19 пандемиясының жаһандық экономикалық процестерге және әлемнің жекелеген өңірлеріне, атапайтқанда ЖІӨ мен инвестициялардың серпініне, үкіметтердің дағдарысқа қарсы шараларына, сондай-ақ жақын болашақта инвестициялар тарту саласындағы саясатты айқындайтынтрендтерге әсері болды. Өндірістік-өткізу тізбектері оңтайландырылатын болады, бұл көптегенжағдайларда қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтерді құра отырып, олардыөңірлендіруге әкеледі. Ол сондай-ақ мемлекеттер БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары мен жаңаболмысын ескере отырып, жаңа тәсілдерді қалыптастыру және жаңа даму стратегиясын әзірлеуқажеттігін атап өтті.

Өз сөзінде WAIPA бас директоры Бостджан Скалар ағымдағы экономикалық дағдарысбарысында рецессиямен және инвестициялық ағындар үшін бәсекелестіктің артуымен қатаринвестициялар тарту агенттіктерінің (ИТА) рөлі тек арта түсетіндігін атап өтті. Осығанбайланысты, мемлекеттерге өздерінің агенттіктерін, оның ішінде оларды қаржыландырудыұлғайту жолымен күшейту мүмкіндігін қарастыру мағынасы бар. Сонымен қатар, WAIPA қатысушы елдердің үкіметтеріне жіберілетін әлемдік экономиканы қалпына келтірудегі АПИмаңыздылығы туралы арнайы декларация дайындайды.

Халықаралық қатысушылармен пікірталастың лейтмотиві экономикалық дағдарысжағдайында инвестициялық ілгерілеудің түрлі стратегияларын талқылау болды. Талқылаубарысында "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық инвестициялықжобалар бойынша кеңесшісі Жандос Темірғали іс-шараға қатысушыларды Қазақстанныңалдында өнеркәсіптің жоғары технологиялық қайта өңдеу салаларын дамыту арқылы, соныңішінде шетел инвестицияларының көмегімен экономиканы одан әрі әртараптандыру бойыншаауқымды міндеттер тұратындығы туралы хабардар етті. Қазақстанда негізгі инвестициялықжобалардың сақталуына салалық қолдау шараларын, пакеттік инвестициялық ұсыныстарды, барлық деңгейлердегі үздіксіз қолдауды, жеке көзқарасты, сондай-ақ толық цифрлықтрансформацияны қоса алғанда, инвестициялық жобаларды жаңа жағдайларда ілгерілетубойынша KAZAKH INVEST ықпал етті.

UNCTAD бағалауына сәйкес, 2020 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жаһандық ағыны COVID-19 пандемиясының жалғасуынан туындаған Дүниежүзілікэкономикалық дағдарыстың елеулі ықпалында болады. ТШИ-дің әлемдік көлемі 2019 жылғыдеңгейден $1,5 трлн-нан 2020 жылдың нәтижелері бойынша $1 трлн-дан төмен деңгейге дейінкүрт қысқарады деп күтілуде.

Сонымен қатар, дағдарыс халықаралық өндірістің алдағы онжылдықта орнықтылықты арттыру мүмкіндігімен құрылымдық трансформациялау процесінің катализаторы болуы мүмкін. Тығыз халықаралық ынтымақтастық шешуші мәнге ие болады, ал тұрақты даму трансшекаралық инвестицияларға ықпал ететін жаһандық саяси жағдайға байланысты болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) БҰҰ Бас Ассамблеясының сауда және инвестициялар саласындағы басты органы болып табылады. Штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан. БҰҰ жүйесінде UNCTAD сауда, қаржы, технология, инвестициялар және тұрақты даму проблемалары және сабақтас мәселелер жөніндегі үйлестіру орталығы рөлін атқарады. Ұйымның негізгі міндеттері қазіргі заманғы Халықаралық экономикалық қатынастардың ұсыныстарын, қағидаттарын, ұйымдық-құқықтық шарттарын және жұмыс істеу тетіктерін әзірлеу арқылы әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады. Ұйым саясатты зерттеу және талдау, үкіметаралық кеңестер жүргізеді, азаматтық қоғам және кәсіпкерлік сектормен техникалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. (https://unctad.org/)

Дүниежүзілік инвестициялар тарту агенттіктері қауымдастығы (WAIPA) 1995 жылы Женева қаласында (Швейцария) құрылған. Қазіргі уақытта 100-ден астам мүшені біріктіретін ұйымның штаб-пәтері Стамбул қаласында (Түркия) орналасқан. WAIPA-ның негізгі міндеттері инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, инвестицияларды тарту мәселелері бойынша өз үкіметтеріне кеңес беруде мүше ұйымдарға көмек көрсету, техникалық жәрдемдесу және оқыту, инвестициялық деректер базасын нығайту және кеңейту, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану болып табылады. (https://waipa.org/)

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге