Медиа орталық

Архимед Мұхамбетов инвесторлармен кездесу өткізді

Архимед Мұхамбетов инвесторлармен кездесу өткізді

Инвесторлар Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарында ірі кәсіп бастауға ниетті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвесторлармен перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша кездесу өткізді.

"SRS Holding LTD" компаниясымен кездесу барысында тараптар облыстың оңтүстік аудандарында құрамында алтыны бар және полиметалл кендерін қайта өңдеу бойынша жобаларды талқылады. Компания Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында 3 фабрика салуды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы құны 49,5 млрд. теңгені құрайды, бұл ретте 1 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, "Қостанай тау-кен металлургия корпорациясы" ЖШС басшылығы Арқалық қаласындағы Маятас кен орындары кластерінде пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу бойынша перспективаларды атап өтті. Кәсіпорын тау-кен байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр, оның құрылысына 315 млрд.теңге инвестиция салынады, сондай-ақ 1,2 мың жұмыс орны пайда болады.

Жобаның ұзақ мерзімді мақсаты - полиметалл кендері мен алтын концентратын өндіру.

Сондай-ақ, өңір басшысы "ASK GROUP KAZAKHSTAN" ЖШС-мен Жангелдин ауданында мал шаруашылығы кешенін салу бойынша перспективалы жобаға қатысты келіссөздер жүргізді.

Жоба бойынша инвестиция көлемі 11,2 млрд.теңге және 80 жұмыс орны құрылады. Жоба аясында 4 мың бас ІҚМ және 4 мың бас жылқы бордақылау, сондай-ақ жылына 3,2 мың тонна ет өндіру көзделген.

Облыс әкімі атап өткендей, бұл жобалар іске асырылу сатысында, жергілікті атқарушы органдар нысандарды сәтті іске қосу үшін барынша көмек көрсететін болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов мемлекеттік органдарға бизнес субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Дереккөз: Қостанай облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге