Жетістік тарихы

Мемлекет басшысы «CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы айтты. «CLAAS Group» компаниясы былтыр Петропавлда комбайндарды, тракторларды, егіс кешендерін және астық жинау машиналарын құрастыратын зауытты іске қосты. Бүгінге дейін өнімділігі жоғары комбайндарды қосқанда 400-ден аса техника құрастырылды.

Сондай-ақ Президентке ауыл шаруашылығы техникасы мен оның құрамдас бөліктері өндірісін оқшаулау шаралары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің айтарлықтай әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мен жергілікті қамтуды арттырудың маңызды екенін айтты.

Кездесуде ынтымақтастықтың дамуына оң баға берілді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге