Серіктестер біз туралы

Андрей Ким, «Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС және «РГК-Каспий» ЖШС коммерциялық директоры




Суреттер


Қайырлы күн, менің атым Андрей Ким. Мен " РГК-Каспий " және "Ультрастаб-Казахстан" компанияларының коммерциялық директорымын. Екі компания да ресейлік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар. 2020 жылы іске қосылды. Жобаларды іске асыру үшін екі кезеңді көздейді. Бірінші кезеңде-жалға алынған цехтарда шағын қуатты өндіріс іске қосылып, 40-қа жуық жұмыс орны ашылды. Екінші кезеңде - 200 жұмыс орнын құрып, арнайы экономикалық аймақтың аумағында ұлттық индустриялық мұнай-химия технопарктердін алныңда салық салудың жеңілдікті шарттары, оның ішінде электр энергиясына, жарыққа және газға арналған жеңілдікті тарифтерді пайдаланып, өндірістік қуаттарды ұлғайту көзделген. Бірінші кезең 2021 жылдың маусым айында іске қосылып, өндіріс желісі өнімнің 96 түрінен тұрады. Іске қосылған сәттен бастап жол құрылысында, мұнай-газ, сондай-ақ тау-кен байыту комбинаттарында 15-тен астам келісімшарт жүзеге асырылды. Сондай-ақ, өткен жылы Қырғызстан Республикасына алғашқы экспорт жіберілген болатын. Қызметкерлеріміздің біліктілігін жоғарлату үшін, тұрақты негізде ресейлік серіктестермен бірлесіп оқытамыз. Сондай-ақ, 2021 жылы Атырау облысының аумағында жылдың үздік өндірушілері атағына ие болдық. Арнайы экономикалық аймақтың барлық артықшылықтарына, жақын маңындағы шикізатқа ие бола отырып, біз тек ТМД-да ғана емес, сондай-ақ әлемдік нарықта маңызды ойыншы бола алатынымызға сенімдіміз. Назар аударғаныңызға рахмет.
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге